Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Баж салығы: Макрон АҚШ-қа француз инвестициясын тоқтатуға шақырды

4 Сәуір 2025, 01:30
1025
Бөлісу:
 РИА Новости
Фото: РИА Новости

Франция президенті Эммануэль Макрон компанияларды баж салығы бойынша жағдай анықталғанша АҚШ-тағы инвестициясын тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол сала өкілдерімен кездесуде сөйлеген Deutsche Welle Telegram арнасы хабарлады.

Француз көшбасшысы сонымен қатар Вашингтон қабылдаған «қатаң әрі негізсіз» шаралар Еуропа елдері тарапынан жауапсыз қалмайтынын айтты. Ол Еуропа жаңа тарифтерге «сектор бойынша» жауап беруі керек деп қосты.

Оның айтуынша, президент Дональд Трамптың АҚШ импортына жаңа баж салығын жариялауы америкалықтарды «әлсіреген және кедейрек» етеді. Ал еуропалықтар бірігіп жұмыс істесе, оларды жоюда «табысқа» жетеді.

Өзгелердің жаңалығы