Базарда картоп пен сәбіз қымбаттады. Ахметжанов субсидия саласында қалай жұмыс істеу керегін айтты

9 Шілде 2021, 10:49
5811
Бөлісу:
Базарда картоп пен сәбіз қымбаттады. Ахметжанов субсидия саласында қалай жұмыс істеу керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2021 жылдың 1-жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты.

Жыл сайын мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді. Бірақ ол қалай жұмсалып жатыр, ол қаржы жете ме, тиісті адамдар алып жатыр ма, нәтиже бар ма? деген сұрақ туындайды. Базарларымызда картоп, сәбіз бағалары өсіп кетті. Оны қалай түсінуге болады? Мемлекет бөліп жатқан қаржы қайда кетіп жатыр? Субсидия саласында халықты толғандыратын мәселе аз емес, - деді Ахметжанов.

Оның айтуынша, көбі субсидияны ашық әрі адал алуға болатынына сенбейді.

Субсидияға тапсырыс беру - қарапайым фермерлерге түсініксіз және тым күрделі. Нәтижесінде адал еңбекпен өмір сүруге үміт болмағандықтан. Халық ауылда тұрғысы келмей жатыр. Себебі орталықта қабылданатын шешімдер халықтың сұранысы емес, жұмыс көрсеткішіне бағытталған. Сондықтан субсидиялар қаншалықты халыққа жетіп жатқанын қадағалау керек, - деді ол.

Ахметжанов айтқандай, Антикор халықтың жан айқайына құлақ асады.

Бұл жұмысқа өзге мемлекеттік органдарды жұмылдырып, осы істің ұйытқысы боламыз. Әрине, біз ауыл шаруашылығы, цифрландыру маманы емеспіз. Бірақ қандай тәуекелдер барын ашық көрсетіп, мемлекеттің шара қолдануына алып келуіміз керек, - деді Марат Ахметжанов.


Өзгелердің жаңалығы