Базалық мөлшерлемесі жоғары Топ-5 ел: Қазақстан қай орында?

1 Қараша 2024, 13:54
958
Бөлісу:
Базалық мөлшерлемесі жоғары Топ-5 ел: Қазақстан қай орында?
Фото: Арман Мухатов - Архив

Кейбір мемлекеттер базалық мөлшерлемелері жоғары ұстайды. Мұны көбіне инфляцияны төмендету және экономиканы тұрақтандыру мақсатында қолданылып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі worldpopulationreview.com сайтына сілтеме жасап.

Солардың ішіндегі ең жоғары мөлшерлемелері бар елдер мыналар:

1. Аргентина – әлемдегі ең жоғары мөлшерлемелердің бірі шамамен 118% деңгейінде, инфляцияны бақылау үшін қолданылады.

2. Гана – шамамен 27% мөлшерлемесімен инфляцияға қарсы шараларды күшейтіп келеді.

3. Малави – мөлшерлемесі 26% шамасында, ұлттық валюта тұрақтылығын сақтау үшін осы қадамға барған.

4. Иран – 23% мөлшерлемесі экономикалық тұрақсыздық пен инфляцияны тежеуге бағытталған.

5. Ливан – шамамен 20% мөлшерлеме орнатқан, елдегі күрделі экономикалық дағдарысты шешу мақсатында бұл көрсеткіш бекітілген.

Сондай-ақ, Түркия (30%), Кения (12%), және Қазақстан (14.25%) сияқты елдерде де жоғары мөлшерлемелер сақталып отыр.

Өзгелердің жаңалығы