Базалық мөлшерлеме төмендеді. Енді үй арзандай ма?

19 Қаңтар 2024, 18:18
5606
Бөлісу:
Базалық мөлшерлеме төмендеді. Енді үй арзандай ма?
Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі халықтың несиесі мен ипотека бағасына қалай әсер етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кезекті базалық ставка төмендеді. Екінші деңгейдегі банктер осы мөлшерлемеге сүйене отырып, бизнес несиесі, ипотека, тұтынушылық несиелер және кредит түрлерін анықтайды. Сондықтан базалық мөлшерлеменің төмендеуі, несие өнімдерінің құнының төмендеуіне әкелуге тиіс, — деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында.

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, сыртқы инфляциялық орта жақсарып келеді.

Бұл әлемдік азық-түлік нарықтарындағы бағалардың одан әрі төмендеуіне және орталық банктердің тежеуші саясатына байланысты. Бірақ инфляцияны өсіруі мүмкін кейбір факторлар мен тәуекелдер сақталып отыр. Тәуекелдер орнықты тұтынушылық сұранысқа, фискалдық ынталандыруға, жоғары инфляциялық күтулерге және реттелетін бағалардағы реформалардың аяқталмауына байланысты. Сонымен қатар сыртқы ортада Ресейдегі инфляцияның жеделдеуіне байланысты тәуекелдер байқалуда, — дейді Тимур Сүлейменов.

Өзгелердің жаңалығы