Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі депозиттерге де әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі біріншіден кредиттік ресурстарды тартуды төмендетеді. Сондай-ақ депозиттердің мөлшерлемелеріне де әсер етіп, олар да төмендейді. Олар шамамен 0,5 пайызға төмендеуі мүмкін, - деді Ұлттық банк төрағасы брифингте.
Сүлейменовтің сөзінше, бірақ мұндай өзгерістерді енгізу банктердің өз саясатына байланысты болады. Бірақ 0,5 пайызға төмендегені аса қатты әсер етпейді. Банк басшысы мұны ресурстары айқымды қаржыгер, банктер сезінуі мүмкін екенін айтты.
Бірақ жалпы халыққа немесе жекелеген бизнеске бұл қатты әсер етпейді, - деп түсіндірді ол.
Бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін түсіргенін хабарладық.