Әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін жасырған Бақытжан Байжанов әлі Астана қаласының тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Сот үкімімен орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды. Қазіргі таңда ол Астана қаласының тергеу изоляторында. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберіледі, - деп хабарлады Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметі.
ҚР ҚИК-нің 93-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.
Еске салайық, кеше экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылғаны белгілі болды.