Байзақта 8-сынып оқушысын өлтіріп кеткен

2 Мамыр 2024, 12:39
1863
Бөлісу:
Байзақта 8-сынып оқушысын өлтіріп кеткен
Фото: Арман Мухатов - архив

Жамбыл облысында даладағы дәретханада 8-сынып оқушысын өлтіріп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Криминальный Казахстан" телеграм арнасының мәліметінше, қайғылы оқиға Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылында болған. 9-сынып оқушысы 8-сынып оқушысын соққыға жыққан. Төбелес кезінде жасөспірім кеуде тұсынан бірнеше соққы алып, есінен танып қалып, тіл тартпай кеткен.

Күдікті Алтынсарин атындағы мектептің 15 жастағы оқушысы болып шықты. 

Жамбыл облысы Полиция департаменті осы жайтқа қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, қаскөй ұсталып, қамауға алынды. Бұдан бөлек, мектеп басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

Оқушының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы