«Байтақ» партиясының Құрылтай сайлауына арналған тізімінен төрт адам өз еркімен шықты

 «Байтақ» партиясы 13 Шілде 2026, 22:17
13 Шілде 2026, 22:17
324
Фото: «Байтақ» партиясы

«Байтақ» жасылдар партиясы VI кезектен тыс съезінде Құрылтай сайлауына ұсынылатын кандидаттар тізімін қайта бекітті. Мұндай шешім төрт кандидаттың сайлау науқанына қатысудан өз еркімен бас тартуына байланысты қабылданды. Съезге Қазақстанның барлық 20 өңірінен келген өңірлік филиал басшыларын қоса алғанда, 67 делегат қатысты.

Партия төрағасы Азаматхан Әміртайдың айтуынша, бұған дейін 51 кандидаттан тұратын тізім бекітілген болатын. Алайда төрт адамның шығуына байланысты заң талаптарын сақтау үшін тізім қайтадан бекітілді. Нәтижесінде делегаттар бірауыздан 47 кандидаттан тұратын жаңа тізімді қолдады.

Партияның мәліметінше, тізімге эколог мамандар мен қоғам қайраткерлері енген.

«Байтақ» партиясы 2022 жылдың қараша айында тіркелген. Партияның мәліметіне сәйкес, бүгінде оның қатарында 100 мыңнан астам мүше бар және елдегі түрлі деңгейдегі мәслихаттарда өкілдері жұмыс істейді.

Наверх