Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Байқоңыр туризмін дамыту үшін визит-орталық ашу керек – Kazakh Tourism басшысы

10 Шілде 2025, 04:15
421
Бөлісу:
 Kazakh Tourism баспасөз қызметі
Фото: Kazakh Tourism баспасөз қызметі

Визит-орталық құру, зымырандарды ұшыру арасындағы кезеңдерге арналған туристік өнімдер әзірлеу, жаңа орналастыру орындарын ашу – "Байқоңыр" кешенінің туристік әлеуетін ашуға бағытталған маңызды қадамдар. Бұл туралы "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары мен туристік индустрия өкілдерімен өткен кездесу барысында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Kazakh Tourism басшысы бағыт берді

Компания "Байқоңыр" кешенінде туризмді дамытудың тұжырымдамасының жобасын Қызылорда облысында таныстырды. Құжат туристік экожүйені қалыптастыруға, зымыран ұшыру арасындағы кезеңдерге арналған туристік өнімдерді дамыту және еліміздің мәдени және білім беру күн тәртібіне интеграциялауға бағытталған.

Байқоңырда туризмді дамытудың басты шарты – саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасау. Бұл үшін базалық туристік инфрақұрылымды қалыптастыру қажет. Оған сервис инфрақұрылымды құру, орналастыру нысандарын дамыту, зымырандары ұшыру кезінде ғана емес, олардың арасындағы туристік өнімді кеңейту кіреді. Бірінші кезекте туристер үшін ақпараттық-навигациялық орын ғана емес, кешеннің мәдени және білім беру құндылығын көпшілікке танытатын визит-орталық ашу керек, – деді Даниел Сержанұлы.

"Байқоңыр"-ға барғандар не көреді?

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, биыл "Байқоңыр" кешені 4 мыңға жуық туристі қабылдап үлгерген. Олардың басым бөлігі зымыранның ұшырылуын көруге келген. Жыл басынан бері үш зымыран тасығыш көкке жіберілсе, жыл соңына дейін тағы үш ұшыру жоспарланған.

Байқоңыр туризмін дамыту үшін визит-орталық ашу керек – Kazakh Tourism басшысы
Өзгелердің жаңалығы