Байқоңыр ауданында 20 аула 3 қоғамдық кеңістік ашылды

6 Шілде 2024, 16:08
385
Бөлісу:
Байқоңыр ауданында 20 аула 3 қоғамдық кеңістік ашылды
Фото: gov.kz

Бүгін Астана күніне орай Байқоңыр ауданында кешенді абаттандырылған 20 аула аумағы, 3 қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайдыBAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Абаттандырылған аула аумақтарының бірі – Ж.Тәшенев көшесі, 8, 10, 12, 12/1. Бұл аула аумағы – «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылды.

Нәтижесінде, 13 мың шаршы метр асфальт жабыны ауыстырылды, сондай-ақ абаттандыру барысында балалар ойын алаңқайы, спорт алаңы, workout алаңы, демалыс алаңдары және қосымша автотұрақ жайластырылды.

Аталған аула кешенінің ашылуы Астана күнімне орай салтанатты түрде аталып өтті.

Бұдан бөлек, бүгінгі мерекеде Байқоңыр ауданының басқа да аумақтарында тағы 20 аула аумағы ашылып, тұрғындар игілігіне тапсырылды.

Айта кетсек, күні кеше Астана күніне орай Байқоңыр ауданында 3 қоғамдық кеңістік тұрғындар игілігіне тапсырылған болатын.

Жалпы жыл соңына дейін 117 (45 жаңа, 72 жөндеу-қалпына келтіру) аула аумағын абаттандыру жоспарланып отырса, бүгінде оның 53-інде абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы