«Қазақстан - әлем балаларының көзімен» атты шығармашылық байқау жарияланды

11 Қазан 2020, 17:53
3094
Бөлісу:
«Қазақстан - әлем балаларының көзімен» атты шығармашылық байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқауға 7-18 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Отандастар қоры» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен шетелдегі этникалық қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің, сондай-ақ елге оралған қандастардың мектеп жасындағы ұл-қыздары арасында «Қазақстан - әлем балаларының көзімен» тақырыбындағы халықаралық шығармашылық сурет байқауын жариялады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер өзі туралы мәліметтерді алдын ала g_moonlight@mail.ru электрондық поштасына жіберу арқылы тіркеледі:

- Тегі, Аты, Әкесінің аты;

- Қатысушының жасы;

- Ел, қала;

- Мекеменің атауы;

- Байланыс деректері (телефон нөмірі мен электрондық поштасы).

Жұмыстар жас ерекшелігіне қарай екі топ бойынша бағаланады:

I топ - 7-12 жас аралығы;

II топ - 13-18 жас аралығы.

Шығармашылық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар:

- Шығарманың тақырыбы мен мазмұн-маңызын ашу;

- Қазақстанның өсіп-өркендеп, көркейе түскен кескін-келбетін суреттеу;

- Қазақстан тарихы;

- Қазақстанның салт-дәстүрі;

- Мен Қазақстанның болашағын қалай көремін;

- Ұлттық ертегілері.

- көркем жұмыстар I топ бойынша (7-12 жас аралығы) А3 қағаз форматында орындалады;

- көркем жұмыстар II топ бойынша (13-18 жас аралығы) А2 қағаз форматында орындалады;

- аралас техника қолдану;

- авторлығы міндетті түрде көрсетілуі тиіс (толық аты-жөні, жасы, елі мен қаласы);

- байқауға шығармалар қабылдаудың межелі мерзімі: 12 қазан - 12 желтоқсан аралығы; 

- шығармашылық жұмыстар аталған мерзім аралығында g_moonlight@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін жолданған жұмыстар қабылданбайды;

- жеңімпаз бен жүлдегерлер 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнінде жария етіледі.

Ережеге сәйкес жас ерекшелігіне қарай 2 топтан ең үздік деп танылған 3-3 шығармашылық жұмыстың 6 авторы байқау жүлдегері атанады. Нұр-Сұлтан қаласында қатысушылардың үздік жұмыстарының көрмесін өткізу жоспарланған. Байқауда бағы жанған өресі биік өрендерге Назарбаев зияткерлік мектебі лагеріне маусымдық тегін жолдама беріледі және серіктестерден сыйлықтар алады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы