Байқамай боқтап жіберген депутат 80 мың айыппұл арқалады

Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы кезінде депутат Тимур Елеусізов баяндамасы барысында кейбір сөзді айтуға қиналып, салдарынан эмоцияға беріліп, балағат сөз айтып жіберген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 instagram.com/timur_yeleussizov 22 Ақпан 2024 2024, 14:34
22 Ақпан 2024 2024, 14:34
2094
Фото: instagram.com/timur_yeleussizov

Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы кезінде депутат Тимур Елеусізов баяндамасы барысында кейбір сөзді айтуға қиналып, салдарынан эмоцияға беріліп, балағат сөз айтып жіберген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырыстан кейін халық қалаулысы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады.

Бүгін депутат өзінің Instagram-дағы парақшасында полиция бөліміне барып, түсініктеме жазғанын айтты.

"РОВД-ға" бардым. Түсініктеме жаздым. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес ұсақ бұзақылық жасады деп жауапкершілікке тартылдым. "Қолыңмен жасағаныңды, мойныңмен көтер" дейді ғой. Бұл оқиға заң алдында бәрі тең екенін көрсетті, - деді Елеусізов.

Айта кетейік, заңнамаға сәйкес қоғамдық орындарда балағат сөздер айтатындарға 20 АЕК (ред. - 73 840 тенге) айыппұл қарастырылған.   

Наверх