Байланыс операторлары алаяқтарға халықты алдауға көмектескен – Бас прокуратура

Бөлісу:
Байланыс операторлары алаяқтарға халықты алдауға көмектескен – Бас прокуратура
Фото: pixabay.com

Байланыс операторларының қызметкерлері алаяқтарға қазақстандықтарды алдауға көмектесті. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тәртіп сақшылары төрт қылмыстық істі тергеп жатыр. 

"Beeline", "Tele2" ұялы байланыс операторларының қызметкерлеріне және олардың дистрибьюторларына қатысты Қылмыстық кодекстің 211 және 254-баптары бойынша төрт іс қозғалды: Батыс Қазақстан облысында – 2, Қарағанды ​​мен Алматыда – бір-бірден олар алаяқтарға азаматтарды алдау үшін пайдаланылған мыңдаған сим-карталарды тіркеуге көмектескен, - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Жалпы, 2024 жылы жалған банк қызметкерлерінен, құқық қорғау және басқа да органдардан, байланыс операторларынан және жақын туыстарынан 8 мыңнан астам қоңырау тіркелген.

Қылмыстық кодекстің 211-бабына сәйкес, жеке мәліметтерді немесе өзге де шектелген мәліметтерді заңсыз таратқаны үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту (180 сағатқа дейін), қамауға алу (50 тәулікке дейін), сондай-ақ 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру қарастырылған.

Қылмыстық кодекстің 254-бабына сәйкес, компания қызметкерлерінің ауыр зардаптарға әкеп соққан міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жаза бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 3 жылға дейінгі мерзімге лауазымдарды атқару құқығынан айыру түрінде жазаланады.

Өзгелердің жаңалығы