Байланыс операторларының табысы интернеттің қымбаттауы арқылы еселенуде

6 Қазан 2020, 13:10
1056
Бөлісу:
Байланыс операторларының табысы интернеттің қымбаттауы арқылы еселенуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл көлемінде абоненттер саны қысқарса да, телекоммуникациялық компаниялардың табысы 8,5 пайызға артып, 574,2 млрд теңгені құрады, деп жазды finprom.kz.

Табыстың еселенуі елде ұялы қызмет пен нитернеттің қымбаттауымен байланысты. Бір жыл ішінде елде интернет тарифі 2,6%-ға өсіп, ұялы байланыс қызметі,1,7%-ға қымбаттаған. Абоненттер саны керісінше қысқарған. Қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша, 24,2 млн абонент тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға аз. Олардың 15,3 миллионы интернет қызметін пайдаланады.

Абоненттер санының азаюына қарамастан ұялы байланыс қызметінің табысы бұдан төмендемеген. Қаңтар – тамыз аралығында телекоммуникациялық компаниялардың табысы 8,3 пайызға артып, 574,2 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылы 519,9 млрд теңге шамасында болған. 

Телекоммуникациялық компаниялардың тек интернет провайдерлерінен түсетін табысы жыл көлемінде 13,2% пайызға артып, 213,4 млрд теңгені құрады. Бұл телекоммуникация нарығындағы қызметтің 37 пайызын құрайды.

Өзгелердің жаңалығы