Елдегі байланыс нарығындағы қызмет көлемі 12,8% артты

15 Сәуір 2020, 16:03
2029
Бөлісу:
Елдегі байланыс нарығындағы қызмет көлемі 12,8% артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов байланыс бағытының белсенді дамып келе жатқанын айтты.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының байланыс нарығындағы қызметтердің жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға артты. Физикалық көлем индексі (ФКИ) қаңтар-наурыз аралығында 110,5%-ды құрады. Еліміздегі байланыс бағыты белсенді дамып келеді. Ағымдағы жылдың 3 айында интернет қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес интернет байланысы қызметтеріне тиесілі - ол 36,3% құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 13,5% құрады,  - деді вице-министр.

Оның айтуынша, бұл өсімнің көтерілуіне төтенше жағдайдың енгізілуі, сондай-ақ еліміздің көптеген аймағындағы карантин режимі себеп болып отыр.

Қазіргі уақытта қалалар мен көптеген елді мекеннің бір бөлігі әртүрлі технологияларды қолдана отырып, интернетке кеңжолақты қатынау қызметтерін алады. Алайда, бүгінгі күнге дейін байланыс сапасына қатысты проблемалар халқы аз ауыл тұрғындары арасында болып жатыр. Елімізде 6560 елді мекен бар, олардың 118-і - қала, 6442-і - ауыл, - деді Дарын Тұяқов.

Айта кетейік, бұған дейін вице-министр жыл соңына дейін 643 ауыл интернет желісіне қосылатынын мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы