«Байқоңырдағы» кәсіпорын басшысына пара алғаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды

6 Тамыз 2021, 18:36
1891
Бөлісу:
«Байқоңырдағы» кәсіпорын басшысына пара алғаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен баспасөз конференциясы барысында айтты.

Қызылорда қалалық №2 сотының шешімімен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетіне қарасты «Инфракос» мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының міндетін атқарушыға алған парасынан 30 есе көп мөлшерде, яғни 17,6 млн теңге айыппұл салынды.

Ирюков «Байқоңыр» ғарыш айлағының алаңында орналасқан «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан 200 тонна қара металды кедергісіз тасымалдау үшін жеке компания өкілінен жүйелі негізде жалпы сомасы 600 мың теңге көлемінде пара алғандығы туралы күдікке ілінген болатын, - деді агенттік тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, «Инфракос» мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының міндетін атқарушы Ирюков бұдан былай өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Оған Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы