Байқоңырда тағы да мас күйінде рөлге отырған жүргізуші ұсталды

8 Тамыз 2021, 03:20
4029
Бөлісу:
Байқоңырда тағы да мас күйінде рөлге отырған жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқоңырда полицейлер мас жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының тұрғыны өткен жылы бір жыл алты айға жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған.

Рейдтік жұмыстар барысында Байқоңыр қаласында жеңіл автокөлік тоқтатылды. 34 жастағы жүргізуші мас күйінде автокөлік басқарған. Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы