Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де сайлау күні заңдылықтың сақталуы тақырыбында өткен онлайн брифингте ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин айтты.
Өтініштер туралы айтатын болсақ, дауыс беру басталғаннан бастап Прокуратура органдарына екі өтініш келіп түсті. Біріншісі, Маңғыстау облысының Прокуратурасына әкімшілік қамауға алынған адам көшпелі сайлау комиссиясының құрамында байқаушылардың болмауы және олардың қатысуынсыз дауыс беруден бас тартатындығы туралы өтінішпен жүгінді. Өтініш құзыретіне сәйкес аумақтық сайлау комиссиясына және облыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жолданды. Екіншісі, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқы ауданының Прокуратурасына бір азаматшаның оның №163 сайлау учаскесіндегі байқаушылар тізімінен негізсіз шығарылғаны туралы өтініші келіп түсті, - деді ол.
Аталған өтініштер құзыреті бойынша аумақтық сайлау комиссиясына жолданған.
Дауыс беру күні тыныш жағдайда өтті. Электоралдық кезеңдегі қадағалау қызметінің нәтижелері Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауы Конституцияның және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарын сақтай отырып өткендігін айтуға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Азамат Сарғазин.