Қытайда көшенің атын қазақ композиторының құрметіне орай атады

28 Мамыр 2021, 23:24
3817
Бөлісу:
Қытайда көшенің атын қазақ композиторының құрметіне орай атады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гуанджоу көшелерінің біріне қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың есімі беріліп, ескерткіш орнатылды.

Гуанчжоуда біздің әкеміз композитор Бақытжан Байқадамовтың құрметіне көше аталған және ескерткіш орнатылған. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде әкем Қытайдың ұлы композиторы Си Син Хайды құтқарып қалған еді, - деп жазды композитордың қызы Алуа Байқадамова өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Қытайда көшенің атын қазақ композиторының құрметіне орай атады

Бақытжан Байқадамов 1917 жылы 24 наурызда Торай қаласында қазақ элитасының белгілі өкілі, аса білімді интеллигент Байқадам Қаралдиннің отбасында дүниеге келген.

Қытайда көшенің атын қазақ композиторының құрметіне орай атады

Алматы мемлекеттік уиверситетін (1937), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1954).
1941 жылы Қазақ радиосында хор жетекшісі, 1947—1949 жылдары әйелдер ән-би ансамблінің жетекшісі әрі дирижері болды.

Қытайда көшенің атын қазақ композиторының құрметіне орай атады 

1952 — 1960 жылдары Қазақ филармониясын басқарды. Осы жылдары «Почташы», «Су тасушы қыз», «Домбыра», «Алма ағаштар жайнайды», «Кел, достар», «Теміртау жастарының әні», «Айгөлек», «Бөбегім» атты ойнақы әндері мен «Майра» «Тойбастар», «Он алты қыз» сияқты хорға арналған шығармалары дүниеге келді.
1969 жылдан өмірінің аяғына дейін Қазақ қыздар педагогикалық институтында ұстаздық етті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» фильмі 8-ші Ванкувер халықаралық қытай кинофестивалінде «Қызыл үйеңкі жапырағы» сыйлығының бірден төрт жүлдесін жеңіп алған болатын.

«Композитор» фильмі белгілі қытай композиторы Сянь Синхайдың Алматыда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өмірі мен оның белгілі қазақстандық композитор Бақытжан Байқадамовпен достығын баяндайды.



Өзгелердің жаңалығы