Қостанай қаласының іргесіндегі Заречный ауылында кезекті республикалық бәйге өтті, деп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Аузымен құс тістеген сәйгүліктердің жарысы әдеттегідей Қостанай қаласының іргесіндегі Заречный ауылындағы «Арғымақ» атшабарында болды. Бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен, срндай-ақ Қостанай облысының Қамысты, Амангелді, Жітіқара, Федоров, Қарабалық және Қостанай аудандарынан отызға жуық жүйрік қатысты.
Өздеріңіз көріп тұрғандай, Қостанай жерінде кезекті бәйге өтіп жатыр. Бұл жарысқа Қостанай жылқысынан тараған жүйріктер ғана қатысуда. Бәйге республкалық маңызға ие. Оның үстіне бүгін Қостанай қаласының 143 жылдығын тойлап жытыр екен. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Ал бәйгеде бабы мен бағы қатар шапқан қас жүйірік жеңіске жететініне сенімдімін , - дейді Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.
Бұл жолғы ауыздықпен алысқан арғымақтар жас ерекшеліктеріне байланысты құнан, ұшқыр және аламан бәйгегелерге қатысып, жеңімпазға тігілген жүлделерге таласты.
Сонымен Қостанайда өткен бәйгенің қорытындысына тоқталсақ, 1200 метр қашықтықта 1 орынынды «Аскольд» есімді арғымақ иеленді. Шабандозы – Нұрислам Ораз. Арғымақ Қостанай ауданындағы «Қазақ тұлпары» жылқы зауытына тиеселі.
2 орын «Қоржық» есімді жүйрік Берік Додановтың аты. Шабандозы – Абылайхан Садман.
3 орынға ие болған «Қазақ тұлпары» Қостанай жылқы зауытының «Рассул» есімді аты. Оның шабандозы – Мария Кариева деген қыз бала.
Ал 2400 метрлік қашықтықта жеңімпаздар келесідегідей болды:
1 орынды «Гүлжайна» есімді тұлпарды тізгіндеген шабандоз Ескендір Белдібаев алса, ат иесі Нұрбол Абдрахманов Қостанай қаласынан.
2 орын «Абсент» есімді арғымаққа бұйырды. Шабандозы – Ринат Ертас, ат иесі – Төлеген Түлкібаев.
3 орынды иеленген Солтүстік Қазақстан облысынан келген «Дара» есімді жүйрік алды. Шабандоз – Даурен Жүсіпов. Ат иесі – Өмірбай Балтабай.
Аламанда аты озған ағайындардың нәтижесі осындай болды:
1 орын «Тахмина» атты арғымақ. Оның шабандозы – Асқар Туребаев. Ат иесі – Қадырбек Тоқмурзин (Жітіқара ауданы).
2 орын «Красноармеец» атты жүйрік. Шабандозы – Асуан Ахметов. Ат иесі – Қадырбек Тоқмурзин (Жітіқара ауданы).
3 орын «Либерия» есімді жүйрік. Шабандозы Нұрасыл Ахметов. Ат иесі Ерлан Абаев Әулиекөл ауданы.