Байден Ресейге қарсы санкцияларды ұзартты

30 Наурыз 2023, 09:50
817
Бөлісу:
Байден Ресейге қарсы санкцияларды ұзартты
Фото: Al Drago/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-қа кибершабуыл жасады деген күдікпен Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

Киберкеңістікті пайдаланатын бұл маңызды зиянды әрекеттер Америка Құрама Штаттарының ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясаты мен экономикасына әдеттен тыс және төтенше қауіп төндіреді, - деп мәлімдеді АҚШ басшысы.

Шектеулер 2023 жылдың 1 сәуірінен кейін де күшінде қалмақ. 

Құжатта (№13694 Жарлық) төтенше жағдайды бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. Тікелей санкциялар салатын №13757 Жарлық күшінде қалады.

Американың демократиялық партиясына кибершабуылдар 2016 жылдан бастап өршіген. Кейін WikiLeaks порталы АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтонға қатысты хаттар мен құжаттар жарияланып кетті. АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Ұлттық барлау директорының кеңсесінің мәлімдеуінше, бұл «ұрлық пен ақпаратты ашудың мақсаты» - Құрама Штаттардағы сайлау процесіне араласу.  

Өзгелердің жаңалығы