Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Байден: АҚШ саясаты бытыраңқы күйге түсті

31 Мамыр 2025, 01:26
1059
Бөлісу:
 Marco Bello / Reuters
Фото: Marco Bello / Reuters

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден елдегі саяси жағдайды «бытыраңқы және ащы» деп атады. Бұл туралы ол 30 мамырда жасаған мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Біздің саясатымыз соншалықты бытыраңқы және ащы болды. Осы жылдар ішінде мен бұл деңгейге жетеміз деп ешқашан ойлаған емеспін, бірақ біз сол күйге жеттік, – деді Байден.

Ол демократияны сақтау – әр ұрпақтың басты міндеті екенін атап өтті. Байденнің айтуынша, АҚШ-тағы саяси жүйе тек республикалық немесе демократиялық партия мүддесіне ғана емес, барша американдықтардың мүддесіне қызмет етуі тиіс.

Сондай-ақ, 30 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамптың саясатына қарсы еуропалық елдерде антиамерикалық көңіл-күйдің өршіп, американдық тауарларға бойкот жарияланғаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы