Байден АҚШ-та індеттен қайтыс болғандардың саны жарты миллионға жететінін болжады

20 Ақпан 2021, 14:28
1481
Бөлісу:
Байден АҚШ-та індеттен қайтыс болғандардың саны жарты миллионға жететінін болжады

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Бірнеше күннен кейін коронавирустан қайтыс болған америкалықтардың саны жарты миллионнан асады. АҚШ президенті Джо Байденнің бұл болжамы Ақ үйдің сайтында жарияланды.

Барлық жетістікке қарамастан, пандемия әлсіреген жоқ. Жаңа штамдар пайда болады. Бірнеше күннен кейін біз СOVID-19-дан америкалықтардың 500 мың өлімі туралы белгіден өтеміз, - деп болжады Байден. 

Америка басшысы бұл екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан АҚШ азаматтарының санынан 70 мыңға көп екенін атап өтті.

Байден бұған дейін барлық америкалықтарды шілде айының соңына дейін вакцинациялауға уәде берген болатын. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін елдің 300 миллион тұрғыны үшін вакцина дозасын алу жоспарланған. Президент қазір АҚШ препараттың қажетті мөлшерін жинап жатқанын айтты.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, 20 ақпандағы жағдай бойынша елде 28 миллионнан астам инфекция жұқтыру дерегі тіркелді. Ал коронавирустан қайтыс болғандар саны 495 мыңнан асты.

Өзгелердің жаңалығы