Баяу салынып жатыр. Депутат студенттер жатақханасының құрылысын сынға алды

20 Шілде 2022, 22:48
955
Бөлісу:
Баяу салынып жатыр. Депутат студенттер жатақханасының құрылысын сынға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов студенттер жатақханасының құрлысымен танысып, оның бая жүріп жатқанына көңілі толмайтынын мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, жылда қыркүйекте елімізде жатақхана мәселесі өрши түседі. Әсіресе, бұл 36 университет шоғырланған, 180 мыңға жуық студент білім алатын Алматы қаласы үшін өзекті болып қала бермек. Қазірдің өзінде шамамен 40 мың алматылық студенттің жатақханаға қажеттілігі бар.

М. Ахметов ағымдағы жағдаймен танысу үшін арнайы мониторинг жүргізгендерін мәлімдеді.

Өкінішке қарай, қаламыздағы жатақханалар құрылысының қарқыны өте баяу, тіпті бір орында тұралап тұр деуге болады. Басты мәселе - құрылыс үшін жер телімдерінің жетіспеушілігі, инвесторларға «Қаржы орталығы» ұсынып отырған механизмнің тиімсіздігі. Бұл жайлы айтып келе жатқанымызға үш жылдың жүзі болды. Осы жылдың соңына дейін еліміз бойынша салынуы тиіс 10 мың орындық жатақхананың 7 ай ішінде тек 1320 орынға арналған алтауының құрылысы аяқталған. Бұл жалпы құрылыстың 13-ақ пайызы. Оған қоса, 3,5  мың орынға арналған 9 жатақхананың құрылысы, яки биыл салынуы тиіс нысандардың 35 проценті бойынша құрылыс жұмыстарының аяқталуы екіталай,-деп -деп жазды депутат facebook-тегі парақшасына.

Баяу салынып жатыр. Депутат студенттер жатақханасының құрылысын сынға алды

Сонымен қатар ол осы күнге дейін Үкімет тарапынан студенттік жатақхана мәселесіне тиісті көңіл бөлінбей келе жатқанын жеткізді.

Менің ойымша, Мемлекет басшысы аталған мәселе бойынша Үкіметке ескерту жасамағанша баяғы жартас сол жартас болып қала бермек. Сонымен қатар, мемлекеттік грантты игеріп, ақылы бөлімге студент шақырудан алдына жан салмайтын жекеменшік жоғарғы оқу орындары болашақ мамандарға тиісті жағдай жасауы қажет. Ең болмағанда әр аймақтан, шалғай ауылдардан келген жастардың 70% жатақханамен қамтамасыз етілуі тиіс,-деп жазды ол.

Депутат сондай-ақ бұл мәселеге араға екі ай салып қайта оралатындарын айтты.

Баяу салынып жатыр. Депутат студенттер жатақханасының құрылысын сынға алды
Өзгелердің жаңалығы