Павлодар облысының Баянауыл ауданында туризмді дамыту жобалары пысықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңір әкімі Асайын Байханов өзінің Instagram-парақшасында жазғандай, ол Баянауылға барып, аудан әкімі Ардақ Ксентаевпен бірге биыл және келесі жылы іске асырылатын бірқатар ірі жобалардың орналасатын орындардын қарады.
Солардың бірі, Баянауыл тұрғындары, әсіресе, жастар үшін өте маңызды – дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Ол аудан орталығына кіре беріс жерде орналасады. Оған көршілес аумақта қонақтарға арналған визит-орталық пайда болады. Мұнда өлкенің тарихымен, ең қызықты туристік бағыттармен танысып, оларды аралау бойынша қызметтерді ала алады, - деді А.Байханов.
Бұдан бөлек, Сабындыкөл жағалауын да абаттандыру көзделген.
Жергілікті биліктің назарынан тыс қалған Сабындыкөл көлінің жағалауын абаттандыруды бастауды жоспарлап отырмыз. Аудан әкімімен шолу алаңы орналасатын орынды қарап, жағажайды жақсарту перспективаларын зерттеп, тиісті аумақта тәртіп орнату бойынша жұмыстардың ауқымын бағаладық. Аудан басшысының айтуынша, келесі жылы Баянауылдың өзінде орналасқан Даңқ мемориалын жөндеу және ғашықтар саябағын қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. Мұнда жарық шамдарын орнатуға, ағаш отырғызуға және гүлзарлар салуға ниетті. Мен бұл істерді мақұлдадым, - деді ол.