Баянауылдағы өртті толық сөндіруге жел кедергі келтіріп жатыр

24 Қыркүйек 2019, 11:40
2290
Бөлісу:
Баянауылдағы өртті толық сөндіруге жел кедергі келтіріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Баянауыл ұлттық паркіндегі алапат өрттің әлі де ошақтары сақтаулы. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты.

«Баянауылдағы өртті сөндіру әлі аяқталған жоқ.  Бүгін гидрометеорологиялық жағдай қиын болып тұр. Бүгін таңертеңгі сағат 8-де әуедегі іздестіру әрекеті жасалды. Бірақ 16-20 м/с жылдамдықпен соққан желден тікұшақ ұша алмады. Департамент пен орман күзетінде істейтін 130 адам мен 7 техника тартылды. Кеше айтқанымдай, периметр бойынша өрт таралмаған. Оттың ішінде әлі де әрбір жерде ошақтары бар. Сондықтан таратуды локализациялау туралы шешім қабылданған жоқ», - деді Владимир Беккер.

Айта кетейік, Павлодар облысында Баянауыл ұлттық паркінде далаға қатты өрт түскен. Өрт 22 қыркүйекте болған. Өрттің болжамды ауданы 93 га құрады. Орманды-дала өрттері бір күн бұрын облыста қатты ыстық болғандықтан болды. Жағдай күшті желдің салдарынан шиеленісе түсті, оның жылдамдығы кей жерде секундына 20-24 метрге жеткен. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Өзгелердің жаңалығы