Баянауылда шетелдік туристердің көлігі тұзды батпаққа батып қалды

Шетелдік туристер көрсетілген жедел көмек пен қонақжайлық үшін алғыс айтып, сапарын одан әрі жалғастырды.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 08:11
Бүгiн 2026, 08:11
181
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Павлодар облысының Баянауыл ауданында Голландиядан келген туристер қиын жағдайға тап болды. Автокөлікпен әлемді аралап жүрген саяхатшылардың автоүйі Кемпіртас жартасы маңындағы тұзды батпаққа батып қалып, өздігінен қозғала алмай қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жедел түрде Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) қызметкерлері, «Баянауыл Су Арнасы» мамандары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Бірлескен әрекеттің нәтижесінде батпаққа батқан көлік қауіпсіз түрде шығарылды.

Шетелдік туристер көрсетілген жедел көмек пен қонақжайлық үшін алғыс айтып, сапарын одан әрі жалғастырды.

Мамандар мұндай жағдайларда туристерді табиғи аумақтарда абай болуға және жолсыз жерлерде сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Наверх