Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қарақұртпен күрес жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биылғы жылдың жаз мезгілінен басынан бастап Торайғыр ауылында және Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында қарақұрттардың таралуы туралы бірнеше хабарламалар түсті.
Бүгінгі таңда Баянауыл ГННП ғылым бөлімі мен мемлекеттік инспекторлары қарақұрттарды жою және олардың жұмыртқаларын арнайы контейнерлерге жинау бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Ерекше қорғалатын аумақта химиялық өңдеу тыйым салынғандықтан, барлық жұмыс қолмен атқарылып жатыр. Бұл - улы өрмекшілердің санын реттеудің ең тиімді әдісі. Қабылданған шаралардың арқасында Баянауыл ауданында қарақұрттың адамды шағу деректері тіркелген жоқ, - делінген хабарламада.