Баян Алагөзованың қайын атасы Уханьдағы қызына дұға етуге шақырды

28 Қаңтар 2020, 20:40
2002
Бөлісу:
Баян Алагөзованың қайын атасы Уханьдағы қызына дұға етуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық музыкалық композитор әрі дирижер Тұрым Алагөзов халықты Қытайдың Ухань қаласында жүрген қызына дұға етуге шақырды.

Тұрым Алагөзов – отандық  танымал продюсер Баян Алагөзованың қайың атасы. Қазіргі ушығып тұрған коронавирус эпидемиясына байланысты Ухан қаласында карантин жариялған. Бұл қалада Тұрым Алагөзовтың асырап алған қызы мен күйеуі және екі баласы тұрады. 
Уханьда менің қызым Тоня мен күйеубалам ұлдарымен бірге 12 жылдан бері тұрып келеді. Олар сол жақта жұмыс істейді. Балаларым және өзім олармен үнемі байланыстамыз. Қазіргі кезде олар үйден шығып жатқан жоқ. Азық-түлікті жинап алған. Әрине, көңіл күйлерін түсірмеуге тырысып жатыр. Барлық санитарлық нормаларды сақтап отыр. Құдай оларды сақтайды деп сенемін! Олар үшін дұға етіп қойыңыздар!!! Мен сендерді жақсы көремін деп жазды Алагөзов Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, желтоқсан айының соңында Қытай Үкіметі шығу тегі белгісіз пневмония ауруының тарап жатқанын хабарлаған болатын. 28 қаңтардағы мәлімет бойынша, коронавирустың жаңа типіне шалдыққандардың жалпы саны 4515-ке жетті, оның 106-сы қайтыс болды.
Өзгелердің жаңалығы