«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды

28 Сәуір 2022, 19:21
3141
Бөлісу:
«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ұлттық музейде қазақ журналистикасының қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлына арналған «Бай-қуатты болайық!» атты көшпелі көрме ашылды. 

Көрмеге Нұртілеу Иманғалиұлының эфирге киген киімдері, жеке қолжазбалары, жұмыс үстеліндегі бұйымдары, мемлекеттік наградалары, спорттық киімдері, қанжар, домбыра, қамшы секілді 200-ге тарта заттары қойылған. 

«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды
«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды

 

Ал жиынға белгілі журналистің отбасы, зиялы қауым өкілдері, үзеңгілес әріптестері мен шәкірттері қатысты. 

«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды
«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды
«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды

Жарты ғасырға жуық ғұмырын қазақ журналистикасы мен телевизиясына арнаған Нұртілеу Иманғалиұлы туралы ескірмес естеліктер айтылды. 

«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды
«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды

Бүгінгі көрменің өтуі – Нұрекеңнің өз идеясы болған еді. 70-ке толсам, республикадағы көрермендерімді аралаймын. Кездесіп, жүздесіп, сұхбаттасамын деп отыратын. Жете алмады... Тұсауын кессем деп дайындап кеткен кітабын биыл жарыққа шығарамыз. Ол көпшілік көрермендерін патша көңілді көрермендерім деп ерекше құрметтейтін. Эфирде сұсты көрінгенімен, үйде қарапайым, мейірімді әке, жар, ата еді. Жалпы ел азаматы ретінде адалдықты, шыншылдықты, тазалықты жаны сүйетін. Мамандығына, көрермендеріне адал болды, - деп ағынан жарылды қаламгердің жұбайы Қарлығаш Советбекқызы. 

«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды

Қазақ телевизиясында 47 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының қоғамдағы рөлі мен сіңірген еңбегі зор екені анық. 

Бүгін Ұлттық музей емес, қазақ халқы үшін ерекше күн. Біртуар азамат Нұртілеу Иманғалиұлының көрмесі ашылып отыр. Ұлы Абайдың: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген керемет сөзі бар. Нұртілеу Иманғалиұлының ғұмыр бейнесі, өмірлік ізі, алға қойған мақсаттары осы сөздермен үндескеніне бәріміз куәміз. Оның «Бай-қуатты болайық!» деген сөзі ел аузында мәтел болып қалды, - деді көрменің ашылуында сөз алған Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Біз үшін – Нұртілеу Иманғалиұлының дарынын мойындаған, жоғары бағалаған, өмірде жақсы таныған өзінің ізбасар шәкірттері үшін ағамыздың есімі мәңгі есімізде сақталады. Қазір жас журналистер, жас буын өсіп келе жатыр. Солар үшін осындай көрменің пайдасы зор деп сенемін. Арада бір жыл өтіп кетті... Орны ойсырап тұр. Көзкөргендер барда ағаның есімі ешқашан өшпейді. Қаруын қолынан тастамаған жауынгер сияқты соңғы күніне дейін эфирде өткізді. Соның өзі мамандыққа адалдықтың белгісі ретінде есімізде қалады, - деп атап өтті «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды
«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды

Игі шара барысында журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының   жұбайы Қарлығаш Табулдинова Ұлттық музейге қаламгердің қолданған заттары мен киімдерін, тарихи еңбектерін табыстады. 

«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды
«Бай-қуатты болайық!» Елордада әйгілі қаламгердің көрмесі ашылды

Көрме әрі қарай Алматы, Семей, Шымкент, Тараз шаһарларында жалғасып, туған өңірі Талдықорған қаласында аяқталады. 

Өзгелердің жаңалығы