Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Қайрат» сапында жаттығады.
Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Instagram-дағы парақшасында жазды.
Баторидің (ред - Бауыржан Исламханның) бұрынғы клубы оған көмектесіп, оның қаңтарда командамен жаттығу туралы өтінішінен бас тартпады. Исламхан допинг қолданғанына байланысты футболдан шеттетілу ісі бойынша CAS-та өтініші қаралғанға дейін алматылықтармен бірге жұмыс істейді, - деп жазды Қожахмет.
Айта кетейік, 24 желтоқсанда Бауыржан Исламхан допинг қолданғаны үшін екі жылға футболдан шеттетілгені хабарланды.