Бауыржан Байбек көлік кептелісін шешу жайында айтты

20 Ақпан 2019, 17:58
2214
Бөлісу:
Бауыржан Байбек көлік кептелісін шешу жайында айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біреу көлікпен жүру жылдамдығын қайтадан арттыр дейді, енді бірі көлікті шектеп, таза ауа бер дейді. Қалада таза ауа болу үшін барлығымыз өзімізден бастауымыз керек, яғни көлікті қойып автобусқа көшейік. Бұл туралы қала әкімі есептік кездесуінде айтты.

Жиын барысында қала тұрғыны әкімге «көп көліктің кесірінен қаладағы ауа ластанып кетті, көлік санын қысқартсаңыз» деген сұрағын қойған еді. Әкім бұл тұрғыда әркім өзінен бастау керектігін, яғни көлігін қойып автобусқа көшу қажеттігін айтты.

«Қалада 30 айналма жолайырығын салдық. Бұл қаладағы жол кептелсі мәселесін шешті ме? Жоқ. Керісінше жағдай жасаған сайын көлік күнен күнге көбейіп жатыр. Енді біз жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Кедейлері көліпен жүретін қала бай емес, керісінше байлары автобуспен жүретін қала бай. Алдымызда тұрған тапсырма тұрғындардың барлығын автобусқа отырғызу. Ол үшін автобустар уақытымен жүру керек, таза әрі ыңғайлы, қауіпсіз болуы қажет»,-деді Б. Байбек.

Оның айтуынша, көлікпен жүрген халықты бірден қысып, автобусқа отыр деуге болмайды. Тек қала орталығында тұратындарды автобуспен немесе велосипедпен жүруге шақыру керек.

«Ұзақтан келетіндерді көлікпен қалдыруымыз керек. Жалпы кешкі кептелісте жаяу жүрген тиімді. Өйткені ол кезде көліктердің жылдамдығы сағатына 20-23 км болады. Сондықтан уақыт өте келе тұрғындар метро, қоғамдық көліктерге көшеді деген ойдамыз. Қазір ешкімді көліктен түсіргіміз келмейді, алайда машина алсам деп жүргендер болса алмауға шақырамыз. Халық уақыты мен қаражатын үнемдесе екен. Бұл тұрғыда метро мен қоғамдық көлікті дамыта беретін боламыз»,-деді ол.

Сондай-ақ ол, қоғамдық көлікпен жүретіндерге арналған BRT сынды бастамаларды қала тұрғындарының көпшілігі қолдап отырғанын жеткізді.

«Жақында еліміздің блогерлерінің бірі Австралияға барып, ондағы көшенің барлығы тек BRT екенін жазды. Ал біз бір көшені BRT жасап едік қаншама сөз болды. Онда жасап жатқан адамдар ақымақ емес, сондықтан да жақсы тұрады. Бізде соған келеміз, ол үшін халыққа уақыт керек»,-деді әкім.

Әділет Мұсахаев

Өзгелердің жаңалығы