Бауырсақ, наурыз көже: Бәйтерек маңайында киіз үйлер тігілді

22 Наурыз 2023, 12:12
3084
Бөлісу:
Бауырсақ, наурыз көже: Бәйтерек маңайында киіз үйлер тігілді
PHOTO
Фото: автордан

Елордада «Бәйтерек» монументі маңайында 6 киіз үй тігілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің бас қаласының төрт ауданында Наурыз мерекесі атап өтіліп жатыр. 

Елорда әкімдігінің қолдауымен «Бәйтерек» монументі алаңында қала тұрғындар мен қонақтары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік концерт екі күн бойы жалғасады. Іс-шараларда қазақстандық эстрада жұлдыздары, қалалық өнер ұжымдар және басқа да әртістер өнер көрсетеді.

Бауырсақ, наурыз көже: Бәйтерек маңайында киіз үйлер тігілді

Монумент алаңында 6 киіз үй тігілген. 

Сондай-ақ ашық аспан астында мерекелік көңіл күй сыйлау үшін түрлі-түсті фотоаймақтар, алтыбақан ұйымдастырылған.

Елордалықтар киіз үйлерден Наурыз мейрамының басты тағамдары саналатын бауырсақ пен наурыз көженің дәмін тата алады. 

Бауырсақ, наурыз көже: Бәйтерек маңайында киіз үйлер тігілді

Киіз үйлерде қазақтың бай салт-дәстүрін көрсететін домбыра, бесік, ою-өрнектермен көмкерілген көрпе-төсек, кілем, сонымен бірге ер тоқым сияқты құрал-жабдықтармен таныса алады.

Бауырсақ, наурыз көже: Бәйтерек маңайында киіз үйлер тігілді
Бауырсақ, наурыз көже: Бәйтерек маңайында киіз үйлер тігілді

КазИнженерСтрой мен НВК Групп кәсіпорнының инженері Бақытгүл Байымбетова ұжымымен бірге елорданың орталығында киіз үй орнатқанын айтты.

Біз де ұжымымызбен осы жерде киіз үй құрдық. Басты мақсат – қазақтың ұлттық тағамдарын, салт-дәстүрін дәріптеу. Наурыз мейрамы қарсаңында кез келген азамат киіз үйімізге кіріп, дәм татып жатыр. Дастарханымызға қазақтың ұлттық тағамдарын қойдық. Бауырсақ, құрт, тәттілер, наурыз көже, май және т.б. Оның барлығы қонақтарымызға тегін беріліп жатыр. 21-22 наурыз күндері кез келген елордалық және қала қонағы киіз үйіміздің төрінен орын алып, құтты қонағымыз бола алады, - дейді ол.

Сөзінше, Бақытгүлдің ұжымы халыққа екі күн қатарынан 100 келіден бауырсақ, 100 келіден палау және 100 литр наурыз көже тегін таратады. 

Бауырсақ, наурыз көже: Бәйтерек маңайында киіз үйлер тігілді

Бақытгүл Байымбетова ұжымы тіккен киіз үйдің ең алғашқы қонағы Швейцарияның Қазақстандағы елшісі болғанын айтты. Сөзінше, сонымен қатар канадалық қонақ та киіз үйді, кең дастарханды көріп, таңдасынын жасырмаған.

Қазақтың ер тоқымы, домбырасы туралы сұрап, қызығушылық танытты. Шетелдік қонақтарға наурыз көженің қалай дайындалатынын да айтып бердік, - дейді елордалық. 

Бауырсақ, наурыз көже: Бәйтерек маңайында киіз үйлер тігілді

Мерекелік іс-шара таңғы 10.00-де басталып, 16.00-ге дейін жалғасады.

Бауырсақ, наурыз көже: Бәйтерек маңайында киіз үйлер тігілді

Ал елордалық Айзат Баймұратқызы биыл Наурыз мейрамы ерекше тойланып жатқанын айтады.

Меніңше, биыл Наурыз алдыңғы жылдармен салыстырғанда ауқымдырақ, кең көлемде тойланып жатыр. Елорданың көп жерінен Наурыздың атмосферасы ерекше сезіледі. Наурыз көже, қазақша ән, би, бәрі халқымыздың тойшыл, думаншыл халық екенін көрсетеді. Барша қазақстандықты ән Наурызбен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз гүлдене берсін, - деді елорда тұрғыны.

Бауырсақ, наурыз көже: Бәйтерек маңайында киіз үйлер тігілді

21-23 наурыз аралығында ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында «Наурыз базары» Шығыс жәрмеңкесі өтіп жатқанын еске сала кетейік. Тұрғындар этностильдегі жаңа коллекциялардан киім, зергерлік бұйымдар, керамикадан, металдан, киізден, жібектен жасалған, қолдан жасалған бұйымдар, түрлі кәдесыйлар сатып ала алады. Сондай-ақ елдің әртүрлі аймақтарынан шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілердің өнімдері бар.

Өзгелердің жаңалығы