Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан тарапымен қандай келісімдерге келгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соңғы жылдары біз ортақ әрі жүйелі күш жігермен ынтымақтастығымызды бұрын-соңды болмаған одақ деңгейіне, яғни жоғары деңгейге жеткіздік. Қазақстанға әрбір сапарға келген сайын Қазақстанда болып жатқан түбегейлі өзгерістерге куәгер боламын. Бұл айтарлықтай жетістіктер Қасым-Жомарт Кемелұлының қажымас еңбегі мен реформалардың арқасы екені сөзсіз. Біз жақын көршілеріміздің, бауырластарымыздың барлық жетістіктері үшін шексіз қуанымыз және бауырларымызға жаңа табыстар тілейміз, - деді Өзбекстан президенті.
Өзбек басшысының сөзінше, Қазақстан мен Өзбекстан өзара байланысын жан-жақты дамытып, практикалық мазмұнға толтыру қажет.
Біз кең ауқымды қарым-қатынасымыздың жаңа бетін аштық. Бүгін мемлекетаралық жоғары кеңестің бірінші отырысы өтті. Бұл формат - мемлекетаралық қатынастардың ең жоғары көрінісі. Елдеріміздің жақындығын, бүкіл бағыттар бойынша өзара ынтымақтастығын және біздің батылдығымыз бен адалдығымызды көрсетеді. Сондай-ақ келешекте болашақты Парламенттеріміздің екі палатасының қатысуымен "Парламентаралық форум құру" мәселесін қарастырдық. Онымен қоса, қарым-қатынастарымыздың тағы жаңа институтын "Сыртқы істер министрлері кеңесін" құру жөнінде шешім қабылдадық. Біз энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, мәдениет және су саласындағы байланысымызды одан әрі дамыту туралы нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік, - дейді Шавкат Мирзиёев.