Бүгін Батыс Қазақстан облысына су тасқынына қарсы күреске көмектесу үшін арнайы және инженерлік техника жөнелтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Алматы облысынан 150-ден астам техника, оның ішінде тиеу, инженерлік, жүк және су таситын техникалары және моторлы қайықтар жөнелтілді.
Алматы, Жетісу облыстары және РЖҚЖ техникалары мен жеке құрамы БҚО-ға көмекке аттанды. Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы ТЖД жеке құрамы Атырау және Абай облыстарында жұмыс жүргізуде, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.