Батыс Қазақстан облысында шомылу маусымында 15 адам суға кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде 6 бала бар.
Қайтыс болғандардың бесеуі мас күйінде суға түскен, жалпы 13 адам суға түсуге арнап жабдықталмаған жерде шомылған. Тағы 2 адам шомылуға рұқсат етілген орында батып кетті.
Облыстық ТЖД өңір азаматтарына жабдықталмаған және тыйым салынған жерде шомылу фактілеріне кез болған жағдайда 51-42-22 нөміріне немесе 112 қызметіне хабарлауын өтінеді.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, – деп ескертеді департамент.