Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Батыс Қазақстанда қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды

Кеше, 23:57
138
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Батыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

112 қызмет пультіне Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Переметное ауылының маңында ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірнеше жеңіл автокөлік қар құрсауында қалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жедел түрде жіберіліп, жағдайды бағалағаннан кейін авариялық-құтқару жұмыстары басталды, - делінген хабарламада.

Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылдарының нәтижесінде 4 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланып, жеңіл автокөліктер қар құрсауынан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы