Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты жол жабылды

17 Қаңтар 2024, 22:00
460
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты жол жабылды
Фото: Архив BAQ.KZ

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында 7 учаске жабылды:

  • «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» жолының 4-104 шақырым аралығы, Орал қаласы — РФ шекарасы, 100 км.
  • «Самара-Шымкент» жолының 195-251 шақырым аралығы, РФ шекарасы — Орал қаласы, 56 км.
  • «Самара-Шымкент» жолының 261-393 км, Подстепное — Жымпиты, 132 км.
  • «Атырау-Орал» жолының 189-492 шақырым аралығы, Атырау облысы шекарасы — Орал, 303 км.
  • «Орал-Теплое» жолының 5-33 шақырым аралығы, Орал — РФ шекарасы, 28 км.
  • «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» жолының 0-36 км, Подстепное — Федоровка, 36 км.
  • Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелінің 0-14 шақырым аралығы, Подстепное — Құс фабрикасы, 14 км.

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 765 бірлік техника және 1452 адам жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы