Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Батыс Қазақстанда 6,5 тонна шөп өртеніп кетті

27 Қазан 2024, 23:52
808
Бөлісу:
 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының аттас ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында 6,5 тонна шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды сәтті жүргізудің арқасында өрт сөндірушілер өртті 40 шаршы метр алаңда сөндірген. Осылайша, тілсіз жаудың өздігінен пайда болуына мүмкіндік тудыратын жағдайларды жойды. Зардар шеккендер жоқ.

ТЖМ шөпті өздігінен сөндіру қатты жел, жоғары жалын мен адам саны жеткіліксіз жағдайда қауіпті болуы мүмкін екенін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы