Батыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілді

Жарылыс жүргізілген аумақтың жалпы көлемі 23 мың шаршы метрден асты.

 Скриншот Кеше 2026, 23:11
Кеше 2026, 23:11
165
Фото: Скриншот

Батыс Қазақстан облысы аумағында су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орал қаласы мен Ақжайық, Бәйтерек, Жәнібек, Сырым және Тасқала аудандарында Шаған, Деркөл, Жақсыбай және Өлеңті өзендерінде мұз кептелісін болдырмау мақсатында мұз жару жұмыстары атқарылды.

Жарылыс жүргізілген аумақтың жалпы көлемі 23 мың шаршы метрден асты.

Бұл шаралар көктемгі су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған.

Наверх