Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

15 Ақпан 2025, 23:43
359
Бөлісу:
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде
Фото: скрин

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында Қаратөбе ауылынан 2 шақырым жерде жергілікті маңызы бар «Қаратөбе-Қарақамыс» автожолында су ағынын ескі арнадан және құятын жол төсемінен өткізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл облыс басшылығымен келісе отырып, су тасқынына қарсы шаралар аясында атқарылуда.

Бұл шара өзен арнасындағы суды ерте жіберу мақсатында өткізіліп жатыр. Көлік қозғалысы тоқтатылған жоқ, өту мүмкін. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі кезекшілікте. Бұл шара Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өзгелердің жаңалығы