Кешеден бастап жедел желі нөмірі бойынша БҚО ТЖД жедел штабына 23 қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары Сырым және Шыңғырлау аудандарында екі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүзеге асырды. Екі жағдайда да тұрғындар мал жаю кезінде адасып, үйлеріне оралмаған.
Қоңыраулар түскеннен кейін бірнеше сағат өткен соң, екі азаматты да құтқарушылар тауып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Сондай-ақ Бөрлі ауданының құтқарушылары Кантубек кентіне барып, Ақсай қаласындағы ауруханаға науқастарды жеткізуге көмек көрсетті.
Оқи отырыңыз: