Батыс Қазақстан облысында 10 қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр

28 Сәуір 2024, 14:36
538
Бөлісу:
Батыс Қазақстан облысында 10 қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 10 қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның төртеуі Орал қаласында, ал қалғаны Бөрлі, Сырым, Бәйтерек сынды аудандарда орналасқан. Түрлі саладан құралған мамандар онда тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр.

Бүгінде су тасқыны болған аймақтарда эвакуациялық пункттер құрылып, күні бүгінге дейін тұрғындарға тегін кеңес беріп отыр.

Қоғамдық штабтың негізгі мақсаты – су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда тұрғындарды атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, кең көлемде ақпарат беру.

Қоғамдық штаб құрамына – заңгерлерден, дәрігерлер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен кәсіпкерлер бар.

Көмекке жүгінгендердің басым бөлігі баспанасы суда қалған тұрғындар екенін айтады.

Жылыой ауданының Қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев ТЖ кезіндегі халыққа көрсетіліп жатқан қызмет туралы айтып берді.

Төтенше жағдай режимін пайдаланып, түрлі арандатушы деструктивті адамдар бастады. Қоғамдық штаб қиын кезеңде елдің бірлігін сақтау және халыққа дұрыс ақпарат беру мақсатында құрылды. Соңғы екі аптада 3000-нан астам адамды қабылдап, кеңес бердік, - деді Ерқұл Дәулетбаев.

Қоғамдық штаб гуманитарлық көмекті төрт пункт арқылы таратуды, дәрі-дәрмекті сырқат адамдарға медициналық қызметкер арқылы жеткізіп отыру мәселесін де жолға қойған.

Аймақ бойынша құрылған 10 штабтың төртеуі Орал қаласында, ал қалған алтауы Бөрлі, Теректі, Сырым және Бәйтерек сынды аудандарда орналасып, тұрғындарды қабылдап жатыр. Құрамына 11 маман кіретін штаб түрлі сала мамандарынан құралған. Оларға жүгініп жатқандардың басым бөлігі баспанасы суда қалғандар.

Үй жайында мәселені талқыладық. Беріле ме екен, кімдерге беріледі, қандай жағдайда беріледі. Бәрі оброботкада деді. 5 айдың ішінде шешіледі деп отыр. Бір басапанлы тұрғындарға қанша шаршы метр үй беріледі соны нақтыладық, - дейді Саяжай тұрғыны Магера Кежешова.

Орал қаласындағы қоғамдық штабтың жетекшісі Нұрболат Смағұловтың айтуынша, тұрғындарға тұрақты түрде көмек керсетіліп жатыр.

Күн сайын халықты қабылдап жатырмыз. Олардың нақты санын білмеймін. Кеше, одан алдыңғы күні де жатақханаларды аралап, 02:49 халықтың әлеуметтік жағдайы қалай болып жатыр, көпбалалы аналар бар. Солардың жайы қалай болып жатыр, сұрақтарына жауап беріп, 02:34 Соларға дұрыс бағытта түсінік бердік, - дейді ол.

Су қоймаларындағы жағдай бақылауда

Қызыл су құрсауында қалған Құлсарыда су басқан үй-жайлар мен әлеуметтік нысандар бағалау комиссиясының тексерісінен өтуде. Штаб өкілдері халықпен қоян-қолтық байланыста болып, олардың шағымдарын ерекше назарға алып отыр. Кеңес сұрап келгендерді несие, ипотека төлемдері, өтемақы төлеу, бір реттік материалдық көмек алу, үйлерді қалпына келтіру секілді мәселелер толғандыруда. Эвакопунктерде 16 маман жұмыс істейді. Соңғы мәліметтерге сенсек, 3461 отбасыға 100 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді. Бұл - 1 млрд 277 млн теңге.

Су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда.

Ресей Федерациясының Иректі су қоймасынан жіберілген тасқын суы еліміздің аумағы арқылы өтіп жатыр.

Қазсушар мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқаруда. Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің 4 су қоймасына су жиналып жатыр. Қазір су қоймаларында 226 миллион текше метр су жиналды, бұл жалпы көлемнің 87%-ы. «Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалы Ресейден келген 30 млн текше метр тасқын суын облыстағы Қамыс-Самар көлдеріне жіберді, - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Өңірде «Альва» және «Кеңбидайық» лиманды суару жүйелері 100%-ға толды.

Жайық өзеніндегі су деңгейі қандай?

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 645 см., деңгейдің +19 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 422 см құрайды.

Жайық өзені - Махамбет кенті 743 см деңгейінде, тәулігіне + 8см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 426 см құрайды.

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 434см., тәулігіне + 3см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 243 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Сондай-ақ  Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан 2343 бас мал өлген.

Су тасқыны салдарынан 2343 бас мал, оның ішінде 341 ірі қара, 63 жылқы, 1742 бас уақ мал, 116 шошқа, 81 үй құсы өлді. Қазір шығынның орнын толтыру жұмыстары басталып кетті, - деді БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Қайыпов айтты.

Ақтөбеде бұл көрсеткіш 3200-ді көрсетіп тұр.

Өзгелердің жаңалығы