18 ақпанда Бөкей орда ауданы Ұялы ауылдық округі маңынан құлаған пилотсыз ұшу аппараты табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
uralskweek.kz мәліметі бойынша, белгісіз ұшу аппараты 18 ақпанда кешке БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Ұялы ауылының аумағынан жергілікті тұрғындар тауып алған.
Дронның ұзындығы – 120 сантиметр.
Аудан әкімдігі деректі растады.
Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп Ұялы ауылының маңында ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсайтын нысанның құлауы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі.
Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.