Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп кетті

30 Мамыр 2021, 01:43
11193
Бөлісу:
Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Бәйтерек ауданы Зеленый ауылында болды. Пролетар көшесі, 3 мекенжайында жеке тұрғын үйдің төбесі мен ішінара веранда отқа оранған. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады.

Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметке қарағанда, өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан шыққан.

Өрт толығымен сөндірілген.

Айта кетелік, өңірде жыл басынан бері барлығы 163 өрт болса, соның 103-і тұрғын үй секторында орын алған.

БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттігін еске салады.


Өзгелердің жаңалығы