Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың жаңа қаулысы 28 маусымнан бастап күшіне енеді.
БҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жабық базарлар, сауда үйлері, қоғамдық тамақтандыру орындары («Ashyq» жобасымен жұмыс істейтіндерден басқасы) сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Ашық базарлар жұмыс жасай береді.
Сондай-ақ жазғы кафелер 07.00-ден 22.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысқан болса, түнгі сағат 02.00-ге дейін ашық болады. Тек ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа бұқаралық іс- шараларды өткізуге болмайды және 50 орыннан аспауы тиіс.
Оған қоса, түнгі және ойын клубтары, барлар, кальян орындары қызметіне, сол секілді «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда еске алу шараларын қоспағанда, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтой, т.б.) және басқа адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге және қатысуға тыйым салынады.