БҚО-да бюжеттен 785,6 млн теңге үнемделген

14 Шілде 2021, 18:36
2045
Бөлісу:
БҚО-да бюжеттен 785,6 млн теңге үнемделген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы AntikorLive жобасында ҚР Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаев мәлімдеді.

Ол былтырдан бері атқарылған департаменттің негізгі қызыметтерімен таныстырды.

Агенттік құрылғаннан бері 80 мың адамның қатысуымен 1500-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды. Облыстың төрт жоғары оқу орындарында 34 колледжінде және 381 мектепте адалдық сағаттары өткізілді. Жыл басынан бері «Ақпараттық-ағартушылық штабы» 325 тікелей эфир, «Antikor live» жобасы аясында 455 тікелей эфир, «Адал көмек» жобасы аясында 533 көрсетілімін ұйымдастырылды, - деді ол. 

Оның айтуынша, мемлекет қаражатын тиімді жұмсалу барысын тұрақты түрде мониторинг жүргізу арқылы облыста ағымдағы жылдың 6 айында 785,6 млн бюджет қаражаты үнемделген.

Оның ішінде 600 млн теңгеден астам қаражат мемлекетік сатып алу жоспарларындағы дизелді отын мен жанар-жағар май бағасын өзгерту, түзету арқылы үнемделді, - деді ол. 

Сонымен қатар тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өткен жылдың тамыз-қыркүйек айларында Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданында 30 млн теңге шамасында және 1 тұрғын үйдің 5 миллион тенге қаражатын үнемдеген.
 

Талдыапан аулдық округі мен Сарықұдық ауылында да 15 млн теңге шамасында 1 тұрғын үй сатып алу жобалары анықталып жоспарланған болатын. Алайда біз 7,5 миллион тұратын 2 тұрғын үй сатып алдық, - деді департамент басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы