Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздері ұсынылды

7 Маусым 2021, 15:18
2077
Бөлісу:
Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздері ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындарының қызығушылығын ескере отырып, Нұр-Сұлтан әкімдігі Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің үздік эскиз-идеясына байқау жариялаған болатын. Бұл байқау биыл маусым айының соңына дейін жалғасады.

Осыған орай композитордың әртүрлі кейіпте бейнеленген эскиздері жарияланды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасына оң жағындағы төменгі бұрышта «Кері байланыс», сондай-ақ арнайы поштасына жіберуге болады. Оған ниет білдіргендердің бәрі қатыса алады.

Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздері ұсынылды

Дарынды әнші және композитор Батырхан Шүкеновке арналған ескерткішті қалалық саябаққа орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін елордада Жеңіс күні қарсаңында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш орнатылған болатын. Ескерткіш Сарыарқа даңғылында (Талғат Бигелдинов көшесінің бұрышында) орналасқан. Жоба бойынша мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Расул Сатыбалдиев жұмыс істеді. Ескерткіш қоладан және граниттен құйылды. Онда Талғат Бигелдинов Ұлы Отан соғысы жылдарында жас ұшқыш ретінде бейнеленген.

Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздері ұсынылды

Өзгелердің жаңалығы