Тоқаев: Жемқорлық – батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт

12 Сәуір 2019, 11:20
2491
Бөлісу:
Тоқаев: Жемқорлық – батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуі басталды. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасында жарияланды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудағы сапары барысында Мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығы – елімізді өркендетудің басты кепілі. Онсыз тұрақтылық та, даму да болмайтынын атап өтті.

«Ұлы дала демократиясынан бастау алатын әділеттілік принципі қатаң сақталуы тиіс. Оны жоғалтып алу адамзат үшін де, ұлт үшін де өзін-өзі жоғалтумен тең. Дана халқымыз айтқандай, «Әділет жолы – ауыр жол», бірақ біз үшін одан басқа жол жоқ. Әділеттілік – ауқымы кең ұғым. Бұл құндылық, ең алдымен, мемлекеттік саясатта басшылыққа алынуы қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар6 Мемлекет басшысы «Жаһандық бәсеке күшейген заманда алыстағыны алатын алғырлық, қиядағыны шалатын қырағылық керек. Сондықтан, Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде енжарлыққа жол бермеуіміз қажет» екенін айтты.

«Жемқорлық, бұл – батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Осындай дертке қарсы мықты дәрі қолданбасақ, одан арылу мүмкін емес. Сондықтан, біз тиісті іс-шараларды одан әрі жүзе асыра береміз. Мен жас ұрпақты қолдау болашақты қорғау деп білемін. Биыл «Жастар – ел тірегі» арнаулы әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жастар жылында науқаншылдыққа, көзбояушылыққа жол беруге болмайды!»6 - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев рухани жаңғыру бағдарламасына да тоқталды.

«Баршаңыз жақсы білесіздер, қазір елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жаңғыруды, ең алдымен, ана тілімізден бастауымыз керек! Ұлттық сана ұлттық тілмен ғана қалыптасады. Біздің кейбір әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды. Бізде тиімсіз шығындар көп», - деді Президент.
Өзгелердің жаңалығы