БАТЭ-мен кездесуге тыңғылықты дайындалдық – Антонио Рукавина

21 Тамыз 2019, 19:07
1212
Бөлісу:
БАТЭ-мен кездесуге тыңғылықты дайындалдық – Антонио Рукавина

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф бәсекесі аясында «Астана» Беларусьтың БАТЭ клубымен жолығады.

Осы ойынның алдында елорда командасының қорғаушысы Антонио Рукавина  тілшілерге матч туралы пікірімен бөлісті. 

- Ертең Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін  алғашқы кездесуді өткіземіз. БАТЭ – тарихы бай, жоғары деңгейлу қарсылас. Дегенмен, біз бұл ойынға толықтай дайынбыз. Алғашқы ойынды өз алаңымызда өткізетін болғандықтан, қақпамызға гол жібермеуге тиіспіз. Ал ол өз кезегінде қажетті нәтижеге қол жеткізуімізге өз септігін тигізеді деген сенімдемін.

- Ойынға дайындық қалай өтуде? БАТЭ командасының осал тұстарын байқадыңыз ба? 

- Біз чемпионатта демалғандықтан ертеңгі кездесуге бір апта бойы толыққанды дайындық жасадық. Ал қарсыластың осал тұсына келер болсам, ол туралы дәл қазір айтқым келмейді. Бұл біздің құпиямыз болып қала берсін. Ал ертеңгі кездесуде қарсыластың осал тұсын өз артықшылығымыз ретінде пайдалануға тырысатын боламыз. 

- Сіз шабуылға жиі араласасыз. Көп гол соққыңыз келе ме?

- Әрине, мен қорғаушы болғандықтан – басты жұмысым өз қақпамды қорғау. Алайда, егер мүмкіндік болып жатса, шабуылда да командама көмектескенді қалаймын.
Өзгелердің жаңалығы